"Жарым мен ұлым мені қабылдамады": Әнші Сәкен Қалымов отбасындағы қиындықтары жайлы
Фото: Видеодан скриншот
Танымал композитор, “Бүгін live” бағдарламасына берген сұхбатында отбасына қатысты жан сырын ақтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің айтуынша, жас кезінде серілік құрамын деп отбасынан айрылып қалған. Ол бүгінде оны әйелі мен ұлының қабылдамай жүргенін айтты.
“Алдарынан өтейін деп арнайы Астанаға іздеп бардым. Мен жарымды да, баламды да кінәлаудан аулақпын. Қателік менен болды. Ол кезде жеңілтек өмір сүрдік, басқаша орта болды. Серілік құрып жүрген кезең еді, көп дүниеге атүсті қарадық. Астанаға мені құшақ жая қарсы алады деп барған жоқпын, әрине, бірақ тіл табыса алмадым. Мені қабылдамады. Енді дұғада боламын, бұйырған күні бәрі жақсы болар деген үміттемін. Ұлым анасымен бірге Астанада тұрады”, – деді ол.
Әнші кінә өзінен екенін мойындап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Меруерт Түсіпбаеваның әкесі дүниеден озғаны хабарланған еді.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі