Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық екі боксшы туыстығына байланысты бокстан шаршы алаңға шығудан бас тартты

Қарағандыда 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшылар Нұрлан мен Даниял Сапарбай туыстық қарым-қатынасына байланысты жекпе-жек өткізуден бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Instagram/danyal___saparbai

Қарағандыда бокстан Қазақстан біріншілігінің финалдық кезеңінде 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынасатын қарсыластар Нұрлан мен Даниял Сапарбай болуы керек еді. Алайда кейін бауырлар жекпе-жек өткізбейтіні туралы ақпарат тарады. Ал жеңіс Нұрланның пайдасына есептелді.

Қазақстан бокс федерациясының дерегінше, Даниял Сапарбайдың жарақатына байланысты жарыстан шыққан. Бірақ Қарағанды облыстық бокс федерациясындағылар жарақат болмағанын айтты. Керісінше, бауырлар туыстық қатынастарына байланысты бір-біріне қарсы шықпаймыз деп шешкен көрінеді.

Айта кетейік, турнирдің жартылай финалында Нұрлан Сапарбай Шымкент өкілі Асылхан Нұрасылды жеңіп, ал оның ағасы Даниял Атырау боксшысы Сабырғали Аманатты жеңген еді.



Еске салайық, бұған дейін италиялық боксшы Анджела Карини алжирлік трансгендер Иман Хелифпен жекпе-жектен кейін Олимпиадаға қатысудан бас тартты. Жекпе-жек тура 46 секундқа созылды. 2023 жылғы әлем чемпионатында Хелифтің бойынан ерлерге тән XY хромосомалары анықталғаны үшін ойыннан шеттетілген. Яғни Карини биологиялық ер адаммен төбелескен. 

Талқылау