Жапониядағы барлардың бірінде маймыл даяршы болып жұмыс істейді
Жапониядағы Уцуномия қаласында Kayabuki bar кафесінде маймыл даяршы жұмыс істейді. Адамдарға қызмет көрсете алатын маймылды бар қожайынына досы сыйлаған екен. Оның қабілеттілігі соншалықты жұмысқа жаңадан тұрған қызметкерлерге жұмысты қалай істеу керектігін үйретіп жүр,-деп жазды UPI.
17 жастағы макака Фуку-тян өзі жұмыс істейтін кафеде бас даяршы атанған.
Кафе қожайыны қазір бірнеше маймылды жұмысқа дайындап жатыр екен. Олар тура қазір жұмыс істеуге дайын емес, тек суретке түсіп барлығын үйреніп жүр. Алдағы уақытта қызмет көрсетуге шығады.
Каору Оцуки бұл маймылдар өзіне отбасынан артық болып кеткенін айтады.
«Мен бұлармен күнделікті біргемін. Тәрбиелеймін,тамақтандырамын, ұйқыға жатқызамын»,-дейді ол.
Кей адамдар Каору Оцукиді жануарларды пайдаланып жүр деп ойлайды. Бірақ маймылдардың өздеріне осылай көпшілікпен жұмыс істеген ұнайтын сияқты.
Оқи отырыңыз:
Қынадан сақ болыңыз: Татуировка жасатқан қыздың ата-анасы жұртқа жан айқайын жеткізді
65 жыл отасқан жұп эвтаназия қабылдап бір сәтте көз жұмды
Жас жігіт өзін мазақ еткен жеткіншектен кек алу үшін оның анасымен төсектес болды
Аю өзіне сүт бермек болған ер адамның қолын қоса жеп қойды (видео)