Жапониялық журналист көп жұмыс істеп қойғандықтан көз жұмды
Жапонияның NHK телеарнасы 2013 жылы қызметкердің көп жұмыс істеп қойғандықтан көз жұмғанын мойындады.
Бұл туралы The Japan Times басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Еңбек инспекциясы жүргізген тергеуге сәйкес, Мива Садо (Miwa Sado) жұмыс уақытынан тыс 159 сағат қызметте болған. Ол бір айда екі күн ғана демалған.
Оқыс оқиға 2013 жылы Токио ассамблеся мен кеңесшілер палатасының сайлауы алдында болған. 31 жастағы әйел сайлаудан кейін үш күннен соң көз жұмған.
NHK қызметкерінің айтуынша, әріптесінің қазасы арқылы ел сайлау науқанында журналистердің қалай жұмыс істейтінін білетін болды. Айтуынша, бұл кезеңде кей журналистер өзінің қажеттілігін сездіру үшін әдейілеп көп жұмыс істейді екен.
NHK арнасының басшылығы қызметкерлердің уақытылы жұмыс істеуін қадағалауға тырысатынын жеткізді.
Жіберіп алмаңыз:
Ангела Меркельдің «егізі» кино мен жарнамада канцлердің рөлін сомдап жүр (видео)
Ресейде кондуктор қазақ студентін кемсітіп, автобустан қуды (видео)
АҚШ ресейлік хакерлердің дауыс беру жүйесін бұзып кіргенін дәлелдеп берді
iPhone Лас-Вегастағы атыс кезінде әйелді өлімнен қорғап қалды (фото)