Жапониядағы жойқын жер сілкінісі: Желіде қорқынышты кадрлар тарады
Фото: Видеодан скриншот
Жапонияның солтүстік өңірінде магнитудасы 7,6 баллдық жойқын жер сілкінісі болды. Желіде зілзала кезіндегі қорқынышты сәттер түсірілген видеолар тарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Табиғи апат жайлы не белгілі?
Жапонияның Бас метеорологиялық басқармасының мәліметінше, Аомори префектурасы маңында магнитудасы 7,6 баллдық жер сілкінісі тіркелді.
Зілзаланың ошағы шамамен 50 шақырым тереңдікте орналасқан. Жер асты дүмпу эпицентрден алыс аймақтарда да сезілді.
Жер сілкінісінен кейін елдің солтүстік-шығыс жағалауында биіктігі үш метрге дейін жетуі мүмкін цунами қаупі жарияланды. Ескерту Хоккайдо аудандарын және Хонсю аралының солтүстік-шығыс бөлігін қамтыды. Тіркелген ең биік толқын 70 сантиметрге дейін жеткен.
Табиғи апат салдарынан 20-дан астам адам зардап шекті.
Жер сілкінісі кезінде түсірілген кадрлар
DailyMail жер сілкінісі кезінде түсірілген бақылау камераларының видеосын жариялады, онда дүмпулерден көшелер мен ғимараттардың шайқалғаны анық көрінеді. Төмен жерлерде тұратын тұрғындарға биіктеу аймақтарға көтерілуге кеңес берілсе, жағалау маңындағы адамдарға теңіз бен өзен жағаларынан алыс жүру ұсынылған, өйткені су деңгейі күтілгеннен де жоғары көтерілуі мүмкін.
Тағы бір видеода Жапонияның солтүстігіндегі кеңселерде жиһаз бен техниканың қатты шайқалғаны байқалады.
Супермаркеттерде түсірілген видеолар да жарияланды, онда адамдар дүмпулер кезінде қауіпсіз жер іздеп, жерге құлап қалмауға тырысып жатқан көруге болады.
Сондай-ақ тағы бір жергілікті тұрғын жер сілкінісі кезінде аквариумдағы балықтардың суы қатты шайқалып, аквариумдардың дірілдей бастағанын көрсетті.
Келесі видеода ойын-сауық орталықтағы жиһаз бен құралдардың шайқалып жатқаны көрінеді.
Төмендегі видеода жер сілкінісі кезінде асфальттың кей жерлерінің жарылғаны, арықтағы судың сыртына төгіліп жатқаны және дүкенде ілулі тұрған киімдердің шайқалып жатқаны түсірілген.
Айта кетейік, бұған дейін сейсмологтар Жапонияда күшті жер сілкінісі болатынын айтып ескерту жасағаны хабарланған еді.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады