Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер толығымен сал болып қалған ер адамды екпе арқылы аяққа тұрғызды

Жапонияда Токио университетінің Кэйо ғалымдары медицинада революциялық серпіліс жасады. Дің жасушаларын инъекциялағаннан кейін толық сал болып қалған ер адам қайта аяққа тұрып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Shot басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: t.me/shot_shot

Экспериментке 60 жастан асқан төрт пациент қатысты. Олар ем-шара басталмай тұрып 14-28 күн бұрын ауыр жарақат алып, жұлынын зақымдаған. 2022 жылдың басында оларға жүйке тіндеріне айнала алатын индуцирленген плюрипотентті дің жасушаларының (iPS-жасушалары) инъекциясы жасалды.

Тәжірибе нәтижесі:

  • Науқастардың бірі жүріп үйреніп жатыр;

  • Екіншісі қол-аяғының қозғалысын ішінара қалпына келтірді;

  • Үшінші науқастан елеулі жанама әсерлер анықталған жоқ.

Профессор Хидэюки Оканоның жетекшілігімен жүргізілген зерттеу бұл әдістің 50% тиімділігін көрсетіп, жұлын жарақаттарын емдеуде жаңа мүмкіндіктер ашты.



Бұған дейін дәрігерлер бетінде бөртпе пайда болған қазақстандық келіншектің айықпас дертке шалдыққанын анықтаған еді. 

Талқылау