Жапон иенінің бағамы құлдырап, 32 жыл бұрынғы көрсеткішке бір-ақ жетті
14 қазан күннің қорытындысы бойынша Жапония иенінің доллармен шаққандағы бағамы құлдырап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.

Осылайша жапон валютасы 1990 жылғы көрсеткіштерге бір-ақ түсті.
Жұма күнгі сауда нәтижелері бойынша бір долларға шаққанда жапон иені 147,70 деңгейінде болған.
Жапон валютасының құлдырауы АҚШ-тағы тұтынушылық бағалар индексінің өсуінен кейін басталды. АҚШ-тың қаржы деректеріне көз жүгіртсек, елде базалық инфляция өсуде, алдағы уақытта Федеративті резервтік жүйесі мөлшерлемені көбейтеді деп күтілуде.
2022 жылдың басынан бері иеннің долларға шаққандағы құны шамамен 30%-ға төмендеген.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?
"Ұйқы дерті" ауадағы оттегі мөлшерінің аздығынан басталған
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды
