Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапон ғалымдары теңіз суында еріп кететін пластик жасап шығарды

пластик

Фото: Getty Images

Жапония теңіз суында бір сағатта толық еритін пластик ойлап тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Зерттеуді RIKEN жетілдірілген материалдар орталығы мен Токио университетінің мамандары жүргізді. Олар жаңа пластиктің кішкене бөлігі теңіз суында бар болғаны бір сағатта қалдықсыз немесе зиянды бөлшектерсіз қалай жоғалып кететінін көрсетті.

"Балалар қай планетада өмір сүретіндерін таңдай алмайды. Біздің міндетіміз - оларға жақсы орта қалдыру", – деді жоба жетекшісі Такузо Аида.

Пластик тұзбен араласқан кезде ол қарапайым компоненттерге ыдырайды, микропластик түзілмей толық бұзылады.


"Дүниежүзіндегі өлімнің негізгі себебі": Ғалымдар пластиктен жасалған ыдыстардың адам денсаулығына зиянын зерттеді


Ғалымдар пластик бөтелкедегі судың адам ағзасына қаупін анықтады


Ғалымдардың айтуынша, топырақта мұндай пластик шамамен 200 сағатта жоғалады. Сонымен қатар ол улы емес, жанбайды және көмірқышқыл газын шығармайды.

Коммерцияландыру әлі басталған жоқ. Бірақ көпшілігінің қызығушылығын тудырды.

БҰҰ мәліметі бойынша, 2040 жылға қарай пластик қалдықтарының көлемі үш есе артып, жылына 23-37 миллион тоннаға дейін жетуі мүмкін.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 05 Маусым, 2025 10:14
Талқылау