Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапон фирмасы педофилдер үшін секс-қуыршақ жасап шығарды

Жапонияның Trottla компаниясы педофилдерге арналған шынайы секс-қуыршақ балаларды шығаруды өндіріске қосқалы отыр. Компания басшылығы мұны педофилдердің қылмыстық әрекеттеріне тұсау салу мақсатында жасағалы тұрғандарын мәлімдеді.14-01-16-sex-kukla-1

Бұл туралы ras.kz хабарлайды

Trottla өндіріс орнының басшысы Шин Такаги 10 жылдан астам уақыттан бері күллі әлемге осындай секс-ойыншықтар шығаруымен аты шығып келеді. Оның кәсіпорны саудаға шығарған бұйымдарды негізінен жалғызбасты ер кісілер алып кетеді екен.

Хабарланғандай, 5 жастағы қыз бала кейпіндегі анатомиялық қуыршақтар өте тартымды етіп жасалыпты.

Atlantic журналына берген сұхбатында Trottla компаниясының негізін қалаушы Шин Такаги өзін сексуалды нысан ретінде балалардың ұдайы қызықтырып келгенін, бірақ қашаннан олардың қорғалып тұратын болуы керек деген сенімнен айнымағанын айтыпты.

Журналда жарық көрген мақалада педофилияны емдеуге болатыны айтылады. Алайда, Майо клиникасында жүргізілген зерттеулер адамның педофилияға бейімділігін еш уақытта түгел жойып жіберу мүмкін емес екенін көрсетіпті.

Шин Такаги өздері шығаратын қуыршақтардың көптеген балаларды зорлықтан сақтап қалатынына сенімді.

Талқылау