Жанып жатқан автобустан 17 адамды аман алып шыққан ОҚО тұрғыны марапатталды
Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын бейбіт күннің батыры марапатталды. Қазығұрт ауданының тұрғыны Дәулет Байқабылов 2010 жылы жанып жатқан автобустан 17 адамды аман алып шыққан.
Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Қайғылы жағдай Алматы-Ташкент тасжолының бойында болған еді. Байырғы өрт сөндіруші сол күні Алматыға шілдехана тойына сапарлап бара жатқан. Жамбыл облысының аумағынан өте бергенде, кенеттен автобус пен ауыр жүк көлігі қарама-қарсы соқтығысып, қоғамдық көлік отқа оранады.
Антына адал ел ағасы өз өміріне төнген қауіпке қарамай, қызыл жалынның ішінде қалып қойған адамдарды біртіндеп далаға алып шығады. Тіпті лапылдап жанып жатқан көліктің ішінен алып шыққан жаралыларды автобустан мүмкіндігінше алыс жерге апарып, кейбірін жолшыбай өткен көліктерге мінгізіп ауруханаға жөнелткен.
Тек өкініштісі, үш бауыры осы жанып жатқан автобустың ішінде қалып қойған. Бейбіт күннің батыры 7 жылдан кейін «Ерлігі үшін» төсбелгісін кеудесіне тақты.
“Апат болғанда, бұрын істемеген, көрмеген адам өзгелерді ала алмайды, тіпті қарай алмайды. Қолымнан келгенше қол ұшымды тигіздім. Автобустың алды жанып жатқан соң, артқы жағына кіріп, адамдарды шығардым. Ең соңнда Назерген қарындасымды алып шықтым. Үш жақынымды сол жерден алып шыға алмай қалдым. Өкінішім сол болды”, – дейді байырғы құтқарушы Дәулет Байқабылов.
Оқи отырыңыз:
Шымкенттік 50 градус ыстықта отсыз жұмыртқа қуырды (видео)
Қостанайда қару дайындайтын жасырын цех əшкереленді
ЭКСПО-ға миллионыншы болып билет сатып алған азамат көрмені тамашалады
Қарағандыда белгісіз біреулер ауру әйелді жұмысқа салып, мазақ етіп келген (фото)