Жанқош Тұраров әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарына кірді
Жеңілістің дәмін татпаған кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров WBA тұжырымының жаңартылған рейтингі бойынша ең үздік 10 боксшының қатарына кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Aikyn.kz
IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Жанқош Тұраров WBA ұйымының жаңартылған рейтингінде 7-орынға жайғасқан. Шаршы алаңда 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен боксшы соңғы жекпе-жегінде WBA Gold титулын жеңіп алған болатын. Алматыда өткен бокс кешінде отандасымыз жапондық Ахикиро Конданы төрешілер шешімімен ұтты.
Айта кетейік, Жаңқоштың салмағында WBC тұжырымы бойынша Девин Хэйни чемпион болса, WBA ұйымының белбеуі америкалық Роландо Ромероға тиеслі.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

