Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәния Джуринскаяның күйеуі: Мен Жәнияны біреудің тоқалы ма деп ойладым

Жәния Джуринская мен жолдасы Данияр Хизметов алғаш рет бірге сұхбат берді. Жарасымды жұп таныстықтары, ара қатынасы мен отбасылық ұстанымдары, табысы жайлы айтты. Бір жарым жылдан бері бірге болған жұптың тойы 1 жарым ай ғана бұрын өтті. 

Бұл туралы олар “100 сұхбат” бағдарламасында айтты. 

Жәния Джуринская ата-анасына үй сатып алып бергенін айтады. Ол жеке өміріне нүкте қойып, ата-анасымен бірге тұрмақ болған шақта жоспары аяқ астынан өзгерген. Себебі өмірлік азаматын тапқан.

“Данияр екеуміз карантиннің алдында кездесіп жүрдік. Бірақ қыз-жігіт болған жоқпыз. Ал бір-бірімізге деген сезіміміз шынайы екенін білген кезде бірге пәтерде тұра бастадық. Пәтерге шыққан күні карантин басталды. Осыдан кейін бірге болуға тура келді. Даниярды кездестірмей тұрып менің ер адам туралы түсінігім мүлде басқа болатын. Қиялдағы азамат басқа еді. Ал Даниярды көргенде мүлде өзгеріп кетті. Мен оны шын жүрегіммен жақсы көрем. Онымен бақыттымын”, – деді актриса.

Көпшілік Жәнияны әлдекімнің тоқалы, сол арқылы табысқа жетті, ақша тапты, ел-елді аралады деп санайды. Данияр да бастапқыда солай ойлағанын жасырмайды. 



“Өтірік айтпай-ақ қояйын. Мен де Жәнияны біреудің тоқалы ма деп ойладым. Ол қайдан ақша алады деп ойлайтынмын. Кейін Жәниямен бірге жүрген соң бәрін түсіне бастадым. Бір айдағы ақшаны бір аптада табуға болатынын білдім. Тіпті бір күнде миллиондап жарнамадан ақша алғанда бәрін түсіндім. Адамдарда басқаша түсінік қалыптасқан. Мен де Жәниядан кем ақша таппаймын. Керісінше, Жәния менімен танысқалы бері жарнама ақшасы көбейді. Екеуміз карантин кезінде желіде белсенді бола бастадық. Солай блогерге айналып шыға келдік”, – деді Данияр.

Ал Жәния өзі туралы алып-қашпа әңгімеге мән бермейтінін айтады. 

“Мен кімнің тоқалы емеспін? Мені бәрі тоқал, ал Даниярды альфонс деп ойлайды. Біреудің ақшасына өмір сүріп жүрген адам деп ойлайды. Мен мән бермеймін. Маған біреудің не ойлағаны керек емес”, – деді ол. 

Жәния күйеуге шығар алдында ата-анасына үй сыйлап кеткенін айтады. 

“Мен сіңліммен, ата-анаммен бірге тұрам деп шештім. Пәтер сатып алып оған жақсылап жөндеу жұмысын жасадым. Бірақ жоспарым өзгерді. Даниярды кездстірдім. Сол шақта бөлек кеттім”, –дейді актриса.

Талқылау