Жәния Джуринская танымал тележүргізушімен бірге шетелде демалып жүр (фото)
Жуырда ғана Асылхан Төлеповпен бірге Қытай елін шарлап келген актриса Жәния Джуринская енді танымал тележүргізушімен бірге Дубайда демалып жатыр.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Жәния тележүргізуші әрі ТВ-продюсер Әділ Лиянмен бірге Араб Әмірліктерінде саяхаттап жүр. Жәния да, Әділ де желідегі парақшаларына бірігіп түскен суреттерін жүктегеннен кейін, оқырмандар оларды жұптастырып үлгерді.
Себебі суреттерден олардың жақын қарым-қатынаста екенін байқауға болады.
Бұл ретте желідегілер Жәнияның қылығын түсінбей дал. Әр елге әртүрлі ер азаматтармен сапарлап жүрген актриса оқырмандарын әбден шатастырған ұқсайды.
“Жәния Қытайға барғанда актер жігітпен қыдырып жүр едің, енді Дубайда басқа жігітпен жүрсің, сонда кім қайда шақырса бара бересің ба?” – деп сынады оқырмандардың бірі.
Жіберіп алмаңыз:
Серік Ибрагимовтің ұлына арнаған әні көпті тәнті етті (видео)
Майғазиев отасқандарына 20 жыл толуына орай жұбайына тағы тосынсый жасады (видео)
Төреғали Төреәлі 25-ке толуына орай Алматыда 5 күн концерт бермек
Арман Қоңыр: Түн ортасында қызымның жөргегін ауыстырып, әйеліме көмектесемін