Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәния Джуринская: Қатал тәрбиенің кесірінен барлығымыз робот болып кеткенбіз

“Ұят болады”. Қазақ халқы ерте заманнан ұл-қыздарын қатал тәрбиелеген. Үлкенге қарсы сөйлеу, қала берді жақын адамыңа сезіміңді ашық білдіру біздің менталитетімізге сай келмейді. Дәл осы мәселе Жәния Джуринскаяны алаңдатады. Актрисаның пайымынша, өмірге бір рет келгеннен кейін адам жақындарына деген махаббатын білдіруден аянып қалмауы керек, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Жәния Джуринская: Қатал тәрбиенің кесірінен барлығымыз робот болып кеткенбіз

“Жақсы көретінімді айтып үлгермедім” деген тіркесті талай мәрте естідім. Әрине, өкінішті. Өз басым біреудің қателігінен сабақ ала білемін, сәті түскен сайын жақындарыма, достарыма деген сезімімді білдіруге тырысамын. Шынын айтқанда, кәдімгідей жеңілдеп қаласың.

Махаббат жайлы жиі айтқан сайын, оның құндылығы төмендей түседі деп айта берсін. Сандырақ! Менің адамым мен үшін қаншалықты қымбат екенін, мені керемет күйге бөлейтінін білсе деймін”, – дейді Жәния ағынан жарылып.

Өнер иесінің айтуынша, сезімін, эмоциясын жасыру арқылы адам ақыр соңында ауруға айналады.

“Эмоцияны жасыру арқылы біз физикалық тұрғыдан да, психикалық тұрғыдан да науқас адамға айналамыз. Сондықтан сезім жайлы айтудан жасқанбаңыздар. Өз-өздеріңізге адал болыңыздар. Бірдеңені тығу, жалған сөйлеу, мүләйімсу, сезіміңді жасыру немесе немқұрайлылық таныту – ақымақтық. Мойындаңыздар, айтыңыздар, айқайлаңыздар, бірақ мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар. Сүйіңіздер және үлгеріңіздер. Егер сезіміңізге ешкім жауап қатпаса, ішімдікті арзан бағада ұсынатын жерді білемін. Әрине, жаман сезінесің, тіпті суицидке барғың келеді. Бірақ сен үлгердің, ал ана ақымақ уақыты келгенде өзі түсінеді. Барлығы өтеді, кетеді. Ал шынайы махаббат ешқашан да бітпейді.

Бүгін Әділ Лиян екеуміз қазақстандықтардың психикалық тұрғыдан сау емес екенін талқыға салдық. Қатал тәрбие, стереотип пен тағы да басқа дүниелер біздерді роботқа айналдырып жіберген. Біз сезім туралы айта алмаймыз”, – деп пікірін білдірді актриса.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 04 Шілде, 2018 16:08