Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жанын қинамай өлтіргісі келді": Петропавлда екі адамның өмірін қиған айыпталушының адвокаты жұртты шошытты

Петропавлда анасы мен қызының өліміне қатысты сот ісі аяқталуға жақын. Прокурор 39 жастағы Айнагүл мен 3 жастағы қызы Әминаны өлтірді деп айыпталып жатқан Игорь Дементьевке ең ауыр жаза беруді сұрады. Ал айыпталушының адвокатының бұған қатысты уәжі сот залындағыларды шошытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Прокурор  аталмыш қылмыс аса қатігездікпен жасалған деп есептейтінін айтты. "Марқұмдардың алған жарақаттары Дементьевтің берген түсініктемесімен тура келеді. Айыпталушы оларға күш көрсетіп қана қоймай, есін жиғызбастан пышақтаған. Бір емес, екі адамның өмірін қиды. Сондықтан оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұраймын", — деді мемлекеттік айыптаушы Қайрат Ермекбай. 

Қанды оқиға тамыз айында Мамлют ауданында болған. Қора ішінен азаптап өлтірілген анасы мен қызының мүрдесі табылып, оған басты күдікті ретінде 25 жастағы Игорь Дементьев ұсталған.

Тергеу материалдары бойынша, ол өзімен бірге тұрған әйел мен оның бөбегін алдымен бөренемен ұрып, артынан пышақ салған. Ал қорғаушысы оның пышақ қолданғанын екеуін де "жанын қинамай өлтіргісі келді" деп түсіндірді. Адвокаттың бұл сөзі сот залында отырғандардың жағасын ұстатты.

Естеріңізге сала кетейік, ер адам сот залында әйелі мен 3 жасар қызын қалай өлтіргенін айтып берді.
 

Талқылау