Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жанымызды шүберекке түйдік": Ләйлә Сұлтанқызының жазбасы көпшілікке ой салды

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы желіде жан сырын ақтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/sultankyzyofficial

БАҚ өкілі ұшақ апатына қатысты жазбасын жариялап, бауырмалдықтың қадірін түсінгенін жеткізді. 

“Бармын, бауырым. Бүгінгі күн оңай болған жоқ. Баршамызға бұл қаралы хабар ауыр тиді. Бауырмалдық, татулық, бірліктің қадірін тағы бір мәрте түсіндік. Мәжбүрсіз қан тапсыру, күштеусіз көмектесу, ТЖМ, ДСМ, облыс, қала әкімдігінің, белсенді азаматтардың қолдауы, кәсібилік, жылдамдық. Рас, көрші ақысы – тәңір ақысы. Тағдыры талқан болған қанша азамат үшін жанымызды шүберекке түйдік. Аман қалғандар үшін тек "шүкір" дей бердік. Дос, бауыр, жанашырлықтың айқын көрінісі. Зардап шеккен жандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын! Иманды болсын", – деп жазды журналист. 



Айта кетейік, 25 желтоқсанда Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағы Ақтау қаласындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Бортта 67 адам болған. Оның 38-і қаза тауып, 29 адам Маңғыстау облыстық ауруханасында ем абылдап жатыр. Апаттың алдын ала себебі оның құстарға соғылуынан екені айтылды. 

Кейін Астанадан Ақтауға әуе апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін санитариялық авиация ұшағы жіберілген. Құрамында екі реаниматолог, 4 травматолог, нейрохирург және комбустиолог бар. Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобилдік бригадасы барған. 

Талқылау