"Жаным" дегені жетеді": Ерке Есмахан күйеуінің қалай еркелететінін айтты
Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Райммен бірге фотосессия жасап, ерекше жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі күйеуінің қалай еркелететінін айтып, отбасылық құпияны бөлісті.
“Махаббат – сезім мекені. Некелі болу, бөпелі. Қуану үшін жарыңның "жаным" дегені жетеді. Райм танысқан күннен бастап мені Kiki деп еркелетеді", – деп жазды әнші.
Сондай-ақ эстрада жұлдызы жеке өміріне қатысты бірнеше сұраққа жауап беріп, оқырман қауыммен сырласты. “Райм сені тастап кетсе, одан кейін махаббатқа сене аласың ба?! деген сауалға жауап жазды.
“Ішіңіз пысып, осындай сұрақ ойлап таптыңыз ба?! Позитив нәрселер ойласаңызшы. Түпсанаңызды тазартыңыз. Жақсы сөйлеп, жақсы ойлау жақсылыққа алып келеді”, – деп жауап қатты өнер иесі.
Айта кетейік, Ерке Есмахан қазақша сөйлегені үшін оқырмандарынан сөз естіген еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"