Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлының жеңілмеген жаңазеландиялық қарсыласымен қашан жұдырықтасатыны белгілі болды

Лас-Вегаста екі чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек алдында салмақ өлшеу сәтінде есінен танып, ауруханаға түскен Әлімханұлының сол кездесудегі қарсыласына қарсы қайта жекпе-жекке шығатын күні анықталды. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/toprank

Денсаулығына байланысты Андрей Михайловичке (21-0, 13 КО) қарсы жекпе-жекке шыға алмай қалған отандасымыздың жекпе-жегінің уақыты ресми бекітілді. WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен жеңіліп көрмеген жаңазеландиялық былғары қолғап шеберінің жекпе-жегі 4 қазанда Сиднейде (Аустралияда) өтеді. Бұл кездесуде тек IBF чемпиондық титулы сарапқа салынады.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович 14 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) жұдырықтасуы керек еді. Бірақ отандасымыз салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға түсіп қалғандықтан, кездесу өтпеді. Әлімханұлы соңғы рет 2023 жылы қазанда шаршы алаңға шықты. Ол Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді алтыншы раундта нокаутпен жеңсе, Михайлович сәуірде Аустралияда жергілікті боксшы Лес Шеррингтонды (39-18, 23 КО) бірінші раундта нокаутпен ұтты. 

Талқылау