Жәнібек Әлімханұлының В допинг-сынамасы қашан ашылатыны белгілі болды

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының В допинг-сынамасы қашан ашылатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталған сынаманы ашу процесі 2026 жылдың 8 қаңтарына жоспарланған.
Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков мәлімдеді.
Айта кетейік, 6 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы жоспар бойынша WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді біріктіру жекпе-жегіне шығуы тиіс еді. Алайда VADA жүргізген допинг-сынамада мельдоний анықталғандықтан, жекпе-жек өтпей қалды.
Осы жағдайдан кейін Жәнібек Әлімханұлы өзінің Instagram парақшасында ресми түсініктеме беріп, әрдайым таза спортты қолдайтынын айтты.
"Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны өздеріңіз жақсы білесіздер. VADA алғаш рет анализ алып, бәрі таза деп айтқан. Мен витаминдеріме де, тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізген жоқпын. Екінші тесттен мұндай нәтиже шыққанына таңғалып отырмын. Біз қайта анализ тапсыруға өтініш бердік, жауабын күтіп отырмыз", – деді Жәнібек Әлімханұлы.
Осы даулы жағдайдан кейін Premier Boxing Champions ұйымдастырушылары Жәнібектің орнына жаңа қарсылас бекітілгенін хабарлады. Нәтижесінде Эрисланди Лара 6 желтоқсанда венесуэлалық Йохан Гонсалеспен жұдырықтасып, WBA чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.
Енді Жәнібек Әлімханұлының спорттағы болашағы В допинг-сынамасының нәтижесіне тікелей байланысты болмақ.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады

