Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлының екінші сынамасынанда допинг анықталды

мәлімдеме жасадыФото:Спортшының жеке парақшасынан

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының В допинг сынамасынан да допинг анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков Жәнібек Әлімханұлының допин дауы тағы да қаралатыны мәлімдеген еді. 
Алайда кейін Рахымжан Ерденбеков боксшының В сынамысының ресми мәліметтерін жариялап, кезекті мәрте тыйым салынған зат табылғанын хабарлады.

“Жақында Америкадан VADA ұйымының 34 беттен тұратын қорытынды сараптамасы келіп түсті. Өкінішке қарай, "В" сынамасы да оң нәтиже көрсетті. Қазіргі таңда Жәнібектің ісін біздің федерация қарайды. Себебі ол КФПБ лицензиясымен өнер көрсететін боксшы, ал оның қатысуымен өткен соңғы бокс кеші Астанада біздің санкциямызбен ұйымдастырылды. Енді басты мәселе – спортшы бұл затты әдейі қабылдады ма, әлде оның ағзаға қалай түскені. Қазір осы сұрақ қарастырылып жатыр”, –  деді Ерденбеков.

Сондай-ақ Рахымжан Ерденбеков даулы оқиғасы тағы да қаралытынын оған дейін Жәнібек Әлімханұлы жарыстардан шеттетілгенін айтты.

"Қайта қарау қорытындысы бойынша барлық материалдар тиісті ұйымдарға, соның ішінде WBO, IBF және басқа да тараптарға жолданады. Олар Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық атақтарынан айыру немесе айырмау туралы шешім қабылдайды. Ал әзірге, тыңдаулар аяқталғанға дейін, Жәнібек жекпе-жектерге қатысудан шеттетілді", – деді Рахымжан Ерденбеков.

Айта кетейік, 6 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы жоспар бойынша WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді біріктіру жекпе-жегіне шығуы тиіс болған. Алайда VADA жүргізген допинг-сынамада мельдоний анықталғандықтан, кездесу өтпей қалды.
Осы жағдайдан кейін Premier Boxing Champions ұйымы Жәнібектің орнына жаңа қарсылас бекітілгенін мәлімдеді. Нәтижесінде Эрисланди Лара  венесуэлалық Йохан Гонсалеспен жұдырықтасып, WBA чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 20 Қаңтар, 2026 19:06