Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлын допинг дауына байланысты рейтингтен шығарып тастады

БоксФото:Top rank

IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын  рейтингтен шығарып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17–0, 12 KO) допинг дауына байланысты The Ring журналының рейтингінен толық алып тасталды.

 Бұған дейін отандасымыз аталған рейтингте бірінші орында тұрған.

"Бұрын рейтингтің көшін бастап тұрған Жәнібек Әлімханұлы осы айдың басында алынған VADA допинг-тестінің оң нәтижесінен кейін тізімнен алынды. Соның салдарынан қалған боксшылар бір сатыға жоғарылады, ал Хесус Рамос-джуниор алғаш рет рейтингке еніп, үздік ондыққа кірді", – деп жазады The Ring.

Айта кетейік, 6 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы жоспар бойынша WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді біріктіру жекпе-жегіне шығуы тиіс болған. Алайда VADA жүргізген допинг-сынамада мельдоний анықталғандықтан, кездесу өтпей қалды.

Осы жағдайдан кейін Premier Boxing Champions ұйымы Жәнібектің орнына жаңа қарсылас бекітілгенін мәлімдеді. Нәтижесінде Эрисланди Лара  венесуэлалық Йохан Гонсалеспен жұдырықтасып, WBA чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.


Жәнібек Әлімханұлының В допинг-сынамасы қашан ашылатыны белгілі болды


Енді Жәнібек Әлімханұлының B допинг-сынамасы 2026 жылдың 8 қаңтарында ашылады. Боксшының спорттағы болашағы аталған сынаманың нәтижесіне тікелей байланысты болмақ.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 19 Желтоқсан, 2025 11:13