Жәнібек Әлімханұлы жеңіліп көрмеген ағылшын спортшысына қарсы жекпе-жек өткізеді
WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өз титулдарын қорғау үшін жеңіліп көрмеген британиялық Шакиэл Томпсонға (13-0, 9 КО) қарсы жекпе-жекке дайындалып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Twitter / Janibek Alimkhanuly
Америкалық журналист Дэн Рафаэльдің ақпаратына сәйкес, жекпе-жек сәуір немесе мамыр айында Қазақстанда өтеді деп жоспарланып отыр. Әлімханұлы Қазақстанда соңғы рет 2017 жылы өнер көрсеткен еді. Ол Жәнібектің кәсіпқой карьерасындағы екінші жекпе-жегі болатын. Ал Томпсон алдымен 7 ақпанда Англияның Шеффилд қаласында дайындық жекпе-жегін өткізеді.
Айта кетейік, Шакиэл Томпсон орта салмақта IBF European және WBO Global титулдарының иегері болып саналады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

