Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы мен жеңілмеген жаңазеландиялық қарсыласы жекпе-жек алдында көз түйістірді

WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегі алдында қарсыласымен көз арбасып, баспасөз маслихатын өткізді. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: TopRank

Екі тұжырым бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен жеңіліп көрмеген жаңазеландиялық былғары қолғап шебері Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) жекпе-жек алдында көз түйістіріп, баспасөз маслихатына қатысты. Отандасымыз 13 шілде күні Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінде IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуін қорғайды. Жекпе-жек орта салмақ дәрежесінде өтеді. 

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін былтыр қазан айында неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериге (21-1-1, 7 КО) қарсы өткізіп, 6 раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Сөйтіп ол IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанса, Михайлович сәуірде Аустралияда жергілікті боксшы Лес Шеррингтонды (39-18, 23 КО) бірінші раундта нокаутпен ұтты. 

 

Даурен Түлкібай
Жұма, 12 Шілде, 2024 11:08
Талқылау