"Жаны қысылды": Айсәуле Бақытбек анасына пранк жасап, шошытып алды
Танымал блогер Айсәуле Бақытбек анасына пранк жасап, шошытып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Желі жұлдызы анасы, продюсер Баян Мақсатқызына тағы да жүкті екенін айтып, “алдаған”
"Біз Рю екеуіміз мамаға менің тағы да жүкті екенімді айтып қалжыңдадық. Маманың жаны қысылғаны өте күлкілі болды", — деп жазды Айсәуле әлеуметтік желіде.
-
"Өміріме өзгеріс енгенін қаладым": Баян Мақсатқызы ұл баланың анасы атанғысы келетінін жасырмады
-
"Төрт жылда екі рет түсік тастады": Баян Мақсатқызы екі қызының дүниеге келуіне қатысты құпияны ашты
Айта кетейік, продюсер қызы Айсәуленің үш жылда 3 қыз туып тастағанына таңғалатынын жасырмаған еді.
“Қызымның үш қызы бар. Біздің қазақта ұл туғанша туа беретін әйелдер бар. Айсәуле де сондай сияқты. Ол ешқашанда баладан шаршамайтынын айтады. Мені сол қатты таңғалдырады”, – деген еді продюсер.
Еске салайық, Айсәуле Бақытбек босанғаннан кейінгі жағдайын айтып, үш көмекші алғанын жазған едік.

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
