Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жандарбек Бекшин COVID-19-ға қарсы қай вакцинаның тиімді екенін айтты

Алматы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстанда қолданылатын коронавирусқа вакциналардың қайсы тиімді екенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бекшин

Бекшиннің сөзінше, Алматы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сәуір айынан бастап коронавирусқа қарсы вакциналаудан кейін COVID-19 жұқтыру деректерін бақылауға алған. 

"Коронавирусқа қарсы екпе алған 980 мыңнан аса адамнан тек 3 239 адам ғана инфекция жұқтырды, яғни 0,33 пайыз. Вакциналаудың толық курсынан өткеннен кейін Алматыда ауру жұқтыру дерегі мынадай: "Спутник V" - 0,37 пайыз, "Синовак" - 0,19 пайыз, "QazCovid-in" - 0,17 пайыз", - деп хабарлады ол. 

Бас санитар дәрігер екпе алғандардарда ауру жеңіл формада өткенін де қосып өтті. 

"Статистика бойынша QazCovid-in вакцинасын алғандар арасында ауру жұқтырғандар аз тіркелген. Емдеу жұмыстары бойынша орынбасардың мәліметіне сүйенсек, отандық препаратты салғызған соң пациенттерде вакцинаның кері әсері де салыстырмалы түрде аз байқалған. Сонымен қатар вакцина ұзағырақ әсер етеді", - деді ол. 

QazCovid-in вакцинасын алғандар арасында ауруханаға түскендер саны да аз. 

"Бұл – еліміздегі пандемияға қарсы күрестің оң нәтижесі. Қосып өткейін, QazCovid-in препаратын алған инфекциялық стационар қызметкерлері қайта вакциналау кезінде де дәл осы екпені таңдады", - деді бас санитар дәрігер. 

Жандарбек Бекшин санитарлық талаптарды орындау қажеттігін айтып, тұрғындарды вакцина алуға шақырды. Сонымен қатар ұжымдық иммунитет қалыптасқан уақытта ғана эпидемияны тоқтата алатымызды айтты. 

Талқылау