Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанболат пен Жазира бала сүю үшін ем қабылдап жүргендерін айтты

Балалы болуды армандап жүрген Жанболат пен Жазира қазіргі уақытта ем-дом қабылдап жүргендерін айтты. Ұлдары есейгенде екінші рет нәрестелі болуды жоспарлап жүрген жұп бұған дейін денсаулықтарына ат үсті қарағандарын жасырмай айтты.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

“Соңғы кездері осындай ойлап мазалап жүр. Екеуміз барымызды салып емделмедік. Енді ғана кірісіп жатырмыз. Кішкене ғана емделіп, жұмыстарымызбен кетіп қаламыз. Ем үзіліп қалады. Енді қазір үміттеніп, жан-жақты емделіп жатырмыз”, – дейді Байырбекова.

Бұл ретте жұлдызды жұп бала асырап алуға деген көзқарастары жайлы да ашып айтты.

“Баланың бәрі періште ғой. Қазір неше түрлі жағдайлар болып жатыр, балаларын тастап кетіп жатыр. Егер сәті түсіп жатса, әрине”, – деп Жанболат мырза ағынан жарылғанымен Жазираның пікірі басқа болып шықты.

“Бірақ мен бәрібір тегіне қарар едім. Ол бала қандай жағдаймен балалар үйіне түсті, әке-шешесі қандай адам болған?! Баланың тегі жақсы болса, ол жақсы болып өседі. Ал егер оны керек емес деп тастап кеткен ата-анадан шыққан бала қандай болады деп, содан қатты қорқамын”, – дейді ол.

Қазақ эстрадасындағы жарасымды жұптардың бірі Тоқтар мен Бейбіт те бала асырап алуға қарсы емес екендерін айтады. Үш ұл тәрбиелеп отырған ата-ана болашақта қыз баланың ата-анасы болуды армандайды екен.

“Біздің де ойымызда бар. Біз ол әңгімеден алыс емеспіз. Арамызда 1-2 рет ол әңгіме қозғалды. Бірақ уақытта күтеміз. Бұйырған уақыт болатын шығар”, – дейді Бейбіт Сейдуалиева.

Жіберіп алмаңыз:

Қарақат: Кезінде Қыдырәлі 101 раушан гүлін сыйлап, табанымның астын гүлге толтырған (фото)

Әбдіжаппар Әлқожа 5 жыл ауруханада жатқан кезін еске алып, көзіне жас алды

Жақын досы Айқынның екі отбасын асырап отырғанын ашық айтты

Мейрамбек Бесбаев: Мерейтойыңда тілек айтамыз деп жүргенде, жаназаңда сапқа тұрып қалдық (видео)

Талқылау