Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев: Мерейтойыңда тілек айтамыз деп жүргенде, жаназаңда сапқа тұрып қалдық (видео)

Бүгін белгілі ақын Есенқұл Жақыпбектің туған күні. Марқұмның «Өмір өтті» әнін орындап, көпшіліктің жанын тербеген әнші Мейрамбек Бесбаев ақынды еске алып, көпшіліктің көзіне жас үйірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші Мейрамбек Бесбаев Instagram желісіндегі парақшасында марқұм болған ақын Есенқұл Жақыпбек туралы естелігімен бөлісті.

«Мен Есағамды бала кезімнен бiлушi едім. Шорабек, Әзімбек ағалармен айтысып жүрген кездерінде, мен домбырамды арқалап барып ән салып, сол кездегі айтыстың уытты әзілдерін жаттап алатынмын.Уақыт өте келе ағаммен жақын араласпасам да, жақсы көріп, құрметтеп, өлеңдерін оқып, әндерін тыңдап жүретінмін. Содан маған Есенқұл ағаммен жүздесудің сәті түсті. Бізді таныстырған, табыстырған ағамның «Өмір өтті…» атты өлеңі еді. Бұл өлеңге ән жазылып, менің айтуым бір Алланың қалауы деп білемін. Әйтпесе ол әнге таласқан біраз әншілер болды. Бірақ ол ән маған бұйырды. Осы өлеңге ән жазып, жасатып көргеннен соң ішіндегі біраз жеріне Есағама түзету енгізіп беруін өтініп, хабарластым.  Есенқұл ағам менің бұл ұсынысымды құп көріп, Алматыда кездесейік деді. Алматыда кездесіп, шай үстінде отырып ол кісі әннің:

«Ескі доспен кездескенде,

Есім шығып, шын қуанып…

Қайран өмір сонша сүйген,

Кетесің-ау, бір күні ауып…», – деген жолдарын шығарып берді», – деп жазды әнші.

Әншінің айтуынша, сөзі мен сазы үйлескен әнді халық жақсы қабылдапты. Тіпті ақынның өзі де риза болған екен.

«Біраз уақыт өткеннен кейін Есағамның Алматы қаласында М.Әуезов атындағы драма театрында «Күпәйке киген поэзия» деген атпен шығармашылық кеші өтті. Сол кеште мен «Өмір өтті зырғып ағып» өлеңін айтып бердім. Бұл өлең сәтті шықты деп ойлаймын. Халық жақсы қабылдады. Есағам да мәз болып, бетімнен сүйіп, бауырына басып алғысын айтты. Сол кешке дайындалып жүргенде мен ағама айтыстарынан үзінді айтып, өлеңдерін оқып бергенімде Есағам қуанып: «Мейрамбек, сен тек әнші ғана емес, ақын екенсің. Сен менің біраз өлеңімді білгеніңе шын қуанып отырмын!» – деп біраз өткен-кеткен күндерден естеліктерін айтып, арқа-жарқа болып қайтқан едік. Сол кешті өткізген соң мен Есағаммен уақыттың тығыздығына байланысты көп кездесе алмай жүрдім. Кейіннен 31 арнада «Айтылмаған әңгіме» бағдарламасында ағамыздың 60 жылдығына орай үлкен бағдарлама түсірілді. Студияға барып «Өмір өтті…» әнін орындап, Есағамыз туралы азды-көпті білетін оқиғаларды айтып бердім. Сол кезде де ағам мәз болып, құшақтап, маңдайымнан иіскеп әкелік алғысын айтып, батасын берді», – дейді әнші.

Алайда дәл осы кездесу ақын мен әншінің соңғы жүздесуі болған екен.

«Сол күн менің Есағаммен кездесетін соңғы күн екенін кім білген? Соңғы рет сол кеште ол кісі менімен қимастықпен қоштасқандай болды. Мен ағамның алғысын алып, өз жұмыстарыммен кете бердім. Ал Есаға елге кетті. Елге кеткен күннің ертесінде «Есаға қайтыс болыпты» деген суық хабар жетті. Түнде ғана әңгімесін айтып, бауырына басып отырған ағамның таңға жуық жүрегі тоқтайтынын кім білген? Мерейтойыңа барып құттықтау тілек айтамыз деп жүргенде, жаназаңа барып сапқа тұрып қалдық-ау. Қайран өмір сонша сүйген, кетесің ау бір күн ауып дегеніңізді растап кете бардыңыз. Өмір өтті зырғып ағып деген осы шығар. Жатқан жеріңіз жарық болсын аға! Жаныңыз жәннатта болсын! Алла алдыңыздан жарылқасын!» – деп жазды Мейрамбек Бесбаев.

Марқұм Есенқұл Жақыпбекті еске алған әнші онымен соңғы кездесуінің видеосын да жариялады.

 

Өмірі өтті… … Мен Есағамды бала кезімнен бiлушi едім. Шорабек,Әзімбек ағалармен айтысып жүрген кездерінде, мен домбырамды арқалап барып ән салып, сол кездегі айтыстың уытты әзілдерін жаттап алатынмын.Уақыт өте келе ағаммен жақын араласпасам да жақсы көріп, құрметтеп, өлеңдерін оқып, әндерін тыңдап жүретінмін. Содан маған Есенқұл ағаммен жүздесудің сәті түсті. Бізді таныстырған, табыстырған ағамның «Өмір өтті…» атты өлеңі еді. Бұл өлеңге ән жазылып менің айтуым бір Алланың қалауы деп білемін. Әйтпесе ол әнге таласқан біраз әншілер болды. Бірақ ол ән маған бұйырды. Осы өлеңге ән жазып, жасатып көргеннен соң ішіндегі біраз жеріне Есағама түзету енгізіп беруін өтініп, хабарластым.  Есенқұл ағам менің бұл ұсынысымды құп көріп, Алматыда кездесейік деді. Алматыда кездесіп, шәй үстінде отырып ол кісі «Ескі доспен кездескенде, Есім шығып, шын қуанып… Қайран өмір сонша сүйген, Кетесің-ау, бір күні ауып…» деген жолдарын шығарып берді. Біраз уақыт өткеннен кейін Есағамның Алматы қаласында М.Әуезов атындағы драма театрында «Күпәйке киген поэзия» деген атпен шығармашылық кеші өтті. Сол кеште мен «Өмір өтті зырғып ағып» өлеңін айтып бердім. Бұл өлең сәтті шықты деп ойлаймын. Халық жақсы қабылдады. Есағам да мәз болып, бетімнен сүйіп, бауырына басып алғысын айтты. Сол кешке дайындалып жүргенде мен ағама айтыстарынан үзінді айтып, өлеңдерін оқып бергенімде Есағам қуанып: «Мейрамбек, сен тек әнші ғана емес, ақын екенсің. Сен менің біраз өлеңімді білгеніңе шын қуанып отырмын!»,-деп біраз өткен-кеткен күндерден естеліктерін айтып, арқа-жарқа болып қайтқан едік. Сол кешті өткізген соң мен Есағаммен уақыттың тығыздығына байланысты көп кездесе алмай жүрдім. Кейіннен 31 арнада «Айтылмаған әңгіме» бағдарламасында ағамыздың 60 жылдығына орай үлкен бағдарлама түсірілді. Студияға барып «Өмір өтті…» әнін орындап, Есағамыз туралы азды-көпті білетін оқиғаларды айтып бердім. Сол кезде де ағам мәз болып, құшақтап, маңдайымнан иіскеп әкелік алғысын айтып, батасын берді. Сол күн менің Есағаммен кездесетін соңғы күн екенін кім білген..? #жалғасы ⤵️⤵️⤵️

Публикация от Meirambek Besbaev (@m_besbaev)

Оқи отырыңыз:

Белгілі қазақ актеріне үнді фильмінен рөл ұсынылды

Мақпал Жүнісова: Мерей маған тұрмысқа шығуға рұқсат берді

Димаш Құдайберген екінші мәрте Қытайдың ең танымал әншісі атанды

Асхат Садырбай бұрынғы енесін туған күнімен құттықтап жұртты сүйсіндірді

Талқылау