Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген екінші мәрте Қытайдың ең танымал әншісі атанды

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген екінші мәрте Қытайдың ең танымал әншісі атанды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазып, қуанышты жаңалығымен бөлісті.

“CCTV телеарнасы жыл сайынғы “Top global Chinese music awards” атты марапаттау кешін өткізуде. Бүгінгі осы кеште мен “Жылдың ең танымал әншісі” номинациясы бойынша осымен екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанып отырмын. Сіздерді қатты жақсы көремін, махаббаттарыңызға үлкен рахмет”, – деп жазды әнші.

 

CCTV телеарнасы жыл сайынғы “Top global Chinese music awards” атты марапаттау кешін өткізуде. Бүгінгі осы кеште мен “Жылдың ең танымал әншісі” номинациясы бойынша осымен екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанып отырмын. Сіздерді қатты жақсы көремін, махаббаттарыңызға үлкен рахмет. _________________________ The CCTV channel is hosting an annual award ceremony in the framework of the Top global Chinese music awards where I today became the winner in the nomination “The Most Popular Singer of the Year” for the second consecutive year. I love you very much, thank you for your love. _________________________ Телеканал CCTV проводит ежегодную церемонию награждения в рамках “Top global Chinese music awards”, где я сегодня второй год подряд стал победителем в номинации “Самый популярный певец года”. Я вас очень люблю, спасибо вам за любовь. _________________________ 中央电视台频道将在全球华语音乐大奖的框架内举办年度颁奖典礼,我今天连续第二年荣获“年度最受欢迎歌手”提名,我非常爱你,感谢你的爱戴。 #DQ #DIMASH #Dears

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Ал әншінің тыңдармандары оның жетістігі үшін бірге қуанып, “Димаштай қазақ ұлымен мақтанатындарын” айтып жатты.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы мамыр айында Димаш Құдайберген Қытайда “Жылдың ең танымал әншісі” атағына ие болған еді.

Оқи отырыңыз:

Асхат Садырбай бұрынғы енесін туған күнімен құттықтап жұртты сүйсіндірді

Ерке Есмахан көйлектерін сатып, мұқтаж жандарға көмектеспекші

Қарақат Әбілдина: Қыдекең “бірінші атаман” десем, өтірік болады

Ұлын айналып-толғанған Қайрат Нұртас елді сүйсінтті (видео)

Талқылау