Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан көйлектерін сатып, мұқтаж жандарға көмектеспекші

Әнші Ерке Есмахан сахнаға киіп шыққан көйлектерін сатып, түскен ақшаны мұқтаж жандарға бермек, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы әншінінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Айтуынша, өзінің көйлектерін сатып алғысы келетін немесе сыйға беруін сұрайтындар қатары көп екен.

«Маған қызмет етіп болған сахналық көйлектерім жиналып қалды. Оларды сатып аламын немесе сыйлыққа беріңізші дейтін қыздар көп. Бірақ мен аукцион ұйымдастырайын деп шештім. Бұл көйлектер арзан емес. 500 мың теңге. Сондықтан мұқтаж жандарға бəріміз бірге көмектесіп көрсек қалай болады екен? Көйлектер сатылымынан түскен қаржы толық мұқтаж жандарға беріледі. Отандық дизайнер Наиль Байкучуковтен алынған сахналық көйлегім алғашқы аукционға қойылды. Бастапқы бағасы 30 мың теңге. Аукционның аяқталу уақытын, сатып алушыны өзім шешемін… «Жүректегі көзімнің» көмегімен», – деп жазды әнші.

 

Құрметті инста достар! Маған қызмет етіп болған сахналық көйлектерім жиналып қалды. Оларды сатып аламын немесе сыйлыққа беріңізші дейтін қыздар көп.👆Бірақ, мен аукцион ұйымдастырайын деп шештім. Бұл көйлектер арзан емес. 500 мың теңге! Сондықтан мұқтаж жандарға бəріміз бірге көмектесіп көрсек қалай болады екен?!… Көйлектер сатылымынан түскен қаржы толық мұқтаж жандарға беріледі!🙏 Отандық дизайнер Наиль Байкучуковтен алынған сахналық көйлегім АЛҒАШҚЫ аукционға қойылды. Бастапқы бағасы 30 000 теңге. Размер S. Өз бағаларыңызды ұсына беріңіздер.👌 Аукционның аяқталу уақытын, сатып алушыны өзім шешемін… “Жүректегі көзімнің” көмегімен.❤️ Шешім қабылдану уақыты бүгін не ертең болуы мүмкін… Олай болса аукцион басталды, СТАРТ!!!✊

Публикация от Ерке Есмаxан (@erke_esmahan)

­Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің қайырымдылық жасауға ниеттенген әрекетіне тәнті болды. «Бұл ісің адам құптарлық екен. Қайырымдылық кеш өткізіп, сол жерде аукцион арқылы сатпадың ба? Әлижанды әрі асаба, әрі аукцион жүргізушісі қылып, балғасын қолына берсең, көйлегің түгіл, туфлиіңе шейін сатады», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Оқи отырыңыз:

Қарақат Әбілдина: Қыдекең “бірінші атаман” десем, өтірік болады

Ұлын айналып-толғанған Қайрат Нұртас елді сүйсінтті (видео)

Балықшы балығын алып қойған Алтынай Жорабаеваға ұрсып тастады (видео)

Сұлулығымен елді сүйсінткен қазақ актрисасы сексуалды суретін жариялады (фото)

Талқылау