Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жаңбыр мен қар, көктайғақ болады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады

Қазгидромет еліміз бойынша 22-24 қазанға арналған ауа райы болжамын жарияды. Болжам бойынша еліміздің басым бөлігінде жауын шашын болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы болады. 

Әсіресе жаңбыр, қар, көктайғақ құбылыстары болады. Батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр, жекелеген облыстарда күндіз найзағай болады деп болжанып отыр.



23 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 24 қазанда Жетісу облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Қазақстан бойынша жел күшейеді және тұман болжанды.

Температураның фонында күрт өзгерістер жоқ.

Талқылау