Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жаңбыр мен бұршақ жауып, үсік жүреді": Қазақстанда қыркүйек айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет мамандары қыркүйек айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ulan.mk.ru

Қазақстанда қыркүйек айы салқын және жаңбырлы болады.

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның барлық аумағында, әсіресе солтүстікте жаңбыр жиі жауады. Солтүстік өңірде күн күркіреп, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.

"Қыркүйек айында республиканың басым бөлігінде ауа райы салқын және жаңбырлы болады. Ал батыс өңірінде қыркүйек айының басында жауын-шашын жаумайды. Республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын, 1-3 күндік қысқа үзілістермен жауады. Республика бойынша кей күндері қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады", – делінген хабарламада.

10 қыркүйекке дейін ауа райы қандай болады

Синоптиктердің болжауынша, қыркүйек айының бірінші онкүндігінде солтүстік және орталық облыстарда: түнде +2+10°С, күндіз +8+15°С дейін аяз болуы мүмкін. Ал онкүндіктің соңында ауатемпературасы шамалы жоғарылайды.

Республиканың батысында: түнде +8+15°С, күндіз +23+30°С болады. Ал оңтүстік-батыста: түнде +17+25°С, күндіз +28+35°С, кей күндері ауа температурасы аздап төмендейді.

Шығыста: түнде +8+16°С-тан +2+7°С-қа дейін аяз болуы мүмкін, күндіз +12+23°С-тан +17+25°С-қа дейін жылы болады. 

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста: күндіз +22+30°С-тан +17+23°С-қа дейін жылы болады.

Екі облыста ауа температурасы күрт өзгереді. Ақтөбе облысында түнде +3+10°С-тан +10+15°С-қа дейін суық, күндіз +17+25°С-тан +22+27°С-қа дейін жылиды.

Қостанай облысында – түнде +2+7°С-тан +8+13°С-қа дейін үсік жүруі мүмкін. Ал күндіз +10+18°С-тан +17+25°С-қа дейін жылынады. 

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде ауа райы қандай болады

Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде ауа температурасы +3+8°С-қа дейін жетіп, үсік жүруі мүмкін. Ал күндіз ауа температурасы +12 градустан +19°С-тан +21+26°-қа дейін барады.

Республиканың батыс және оңтүстік облыстарында ауа температурасы түнде +7+15°С болады деп болжанып отыр. Ал күндіз +25+35°С-тан +15+23°C-қа дейін жылы болады.

Қыркүйектің үшінші онкүндігінде солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. 

Талқылау