"Жаназада ақшасын сұрап, айқай шығарды": Мұрат Қожа алғашқы көлігіне қатысты естелігін бөлісті
Фото: Видеодан скриншот
Нұрлан мен Мұрат тобының солисі Мұрат Қожа алғашқы мінген көлігіне қатысты естелігін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі “Алғашқы” бағдарламасында қонақ болды.
“Бұл көлікті маған сыйлаған Өмірбек ағам өмірден озды. Ол кісі біреудің көлігін алып кетіп, жолда жол апатына ұшыраған. Сол жерде қайтыс болады. Ал көлігі жарамай қалады. Сол автокөліктің иесі жерлейтін кезде жаназа алдында "қарызы бар ма?" деген сәтті "бар" деп айқайлап шықты. Ол менің көлігімді аударып тастады. Сол кезде бәріміз тұрып қалдық. Мұндай айтылмайтын сияқты еді ғой деп бір-бірімізді қарастық. Сол кезде "қарызын өтейтін, мойнына алатын адам бар ма" деген сәтте, ойланбастан "мен төлеймін" деп шықтым. Сол кісіге бұйырған екен. Өйткені, маған ауыр болды. Сатып ақшасын бердім", – дейді Мұрат Қожа.
-
"Екеуміз де арбаға таңылдық": Нұрлан мен Мұрат қатар ауырған сәттерін есіне алды
-
"Мұртты қарандашпен сыздық": "Нұрлан мен Мұрат" тобы образдарының сырын ашты
Сондай-ақ өнер иесі екі аяғын баса алмай қалып, қоларбада отырған кезін де айтып берді.
“Арақты жас күнімізде іштік. Бірақ содан ауру тапты деген адамды естімеппін. Мен арақтан ауру таптым. Дуаланған арақ ішіп қойыппын. Өлім мен өмір арасында арпалысып жаттым. “Мені алып кетші” деп құдайға жалындым. Мен төсек тартып жатқанда әкем қатты қиналды. Достарымның қолдауымен аяғымнан тұрып кеттім. Бір жыл арбада отырдым. Аузыма тамақ салып отыратын жағдай өтті. Мені дуалау әйел адамның қолынан келген нәрсе екен. Бір емес, жеті рет дуалапты. Ақшасы болмасын, бала-шағасынан айырылсын, бауырларының жолы болмасын деп тілеген екен. Бәрі орындалды. Шауып жүрген шешем аяқ астынан дүниеден озды. Бір бауырым өзін қорғаймын деп сотталып кетті. Мен екі аяғымды баса алмай қалдым. Сондай дүниелер көп болды”, – деді әнші.
Еске салайық, "Басымызға мылтық тақап, бетімізге ақша шашты" деп "Нұрлан мен Мұрат" тобы олигархтың кешінде өнер көрсеткен кезін айтып берді.

"Күйеуіңіз ашуланып, қол көтерсе, үндемеңіз": Белгілі исламтанушы әйел бақыты туралы кітап жазамын деп сынға қалды
