Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанат Бақыт өзінен 35 жас үлкен азаматпен көңіл қосқан қызды сынап тастады

Белгілі тележүргізуші Жанат Бақыт өзінен 35 жас үлкен, бірақ қалталы азаматпен көңіл қосқан студент қыз туралы әңгімелеп берді. Аяғын шалыс басқан қыздың тағдырын мысалға келтірген ол өзгелер осы хикаядан сабақ алсын десе керек-ті.

жанат бакыт-220217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Өзімнен 35 жас үлкен еркекпен жүремін” деп мақтанады бір студент қыз. “Сүйесің бе?” десем, “Жоқ” дейді. “Онда неге жас өміріңді қор қып жүрсің?” деймін ғой, “Енді жағдайымды жасап отыр, қалтам толы ақша, күшті киімдер әпереді, қымбат косметикамен боянамын, астындағы машинасын айтсай, бағасы удай, біз сияқты тықыр студентке бұдан асқан бақыт бар ма?” дейді риза боп.

Қызық. Аяқ-қолы сап-сау адам, ата-анасы адам болсын деп оқытады. Бірақ сен еңбек етіп адам болудың орнына, біреудің ақшасын пайдаланып жүргеніңе риза боласың. Иә, жас кезінде расында адам “тупойлау” болады екен, бақыттың бәрі ақшада деп ойлайсың. Сабақ оқып, өзімен құрдас сүйіктісі екеуі кафеге баруға ақша таппай, көшеде самса жеп жүрген курстасыңа менсінбей қарайтын боларсың, бірақ дәл солай “понтоваться” етіп жүріп, өз бағыңды байлап жүргеніңді білмей қаласың. Ал ақшамен алдайтын ағашкалар қызығы біткен соң лақтыра салады. Аһ ұрған кезде бәрі кеш болады. Тұрмыс құрайын десең, жігіттердің бәрі үйленіп кеткен. Үйленбеген, сөз салған жігіттің ақшасы, үйі жоқ деп үлде мен бүлдеге үйреніп қалған мұндай қыз тағы менсінбейді. Айналып келгенде “қазір дені дұрыс жігіт жоқ” дейтін “тұрмыс құрмай” жүрген қыздардың қатарын көбейтеді. Не тағы “спонсор” іздейді, аяғы басқаның отбасының шайқалуымен аяқталуы ғажап емес. Кім ұтты, кім ұтылды сонда?

Сондықтан баланы кішкентайынан “Еңбекпен тапқан нанның қандай тәтті” болатынын үйретіп өсіру керек сияқты. Жігіттің үйі жоқ па, ештеңе етпейді, екі жақтап жүріп ипотека болса да үй аласың, әйтеуір тыпырлаған адамға Құдай да береді ғой, есесіне бәріне өз еңбегіңмен жетесің. Әйтпесе не ол, біреудің қолына қарап, бағынышты боп, “Қашан тастап кетер екен, түксіз қалмасам болды” деп іштей мүжіп өз-өзіңді… Бұл өмірде ең жаманы-ешкімге керексіз боп қалу шығар…” – деп жазады ол.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш жетінші кезеңде қазақша ән орындайды

Қайрат Нұртастың әкесі тағы да бейнебаян түсірді (видео)

Бүркіт тау бөктерінде Айшаға деген сезімін білдірді (фото)

Ғаламда жоқ дауыс: Әртүрлі ел өкілдері Димаш жайлы не дейді?

Талқылау