Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың әкесі тағы да бейнебаян түсірді (видео)

Әдетте ұлы әкесінің жолын қуады. Тек бұл жағдайда барлығы керісінше. Қайрат өнер әлеміне қадам басты, көп ұзамай есімі халыққа танылды. Ал бірнеше жылдың ішінде ол еліміздегі ең танымал “хитменге” айналды. Артынша өнер әлеміне оның әкесі Нұртас Айдарбеков келді.

Aidarbekovter-210217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бойдағы дарын Қайратқа әкенің қанымен дарыған. Алайда дарынды болса да, кезінде Нұртас Айдарбеков әнші болудан бас тартқан. Ол отбасын сақтап қалғысы келгендіктен осындай қадамға барған. Бұл туралы Гүлзира Айдарбекова әңгімелеп берген болатын.

Десе де іштегі талант сыртқа шықпай қоймады. Ұлы танымал әнші болғаннан кейін Нұртас Айдарбеков те сахнаға шыға бастады. Бүгінде оның қоржынында 1 альбомға сыятындай ән, бірнеше бейнебаян және өзіндік тыңдармандар аудиториясы бар.

Жуырда ғана елуден асқан азаматтардың әнін шырқаған ол осы туындысына бейнебаян түсірген. Желіде “Елуді жаңа еңсердік” әнінің тизері пайда болды.

Жуырда “Елуді жаңа еңсердік” әніне біздің жаңа клип….

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)


Жіберіп алмаңыз:

 Ғаламда жоқ дауыс: Әртүрлі ел өкілдері Димаш жайлы не дейді?

Айқын Дубайда әйгілі “Иванушки” тобымен бірге ән салды (видео)

Ділназ Ахмадиеваның анасы: Қызым үш рет тұрмысқа шықса да, қарсы емеспін

Мақпал Исабекова шетелдік әншінің көшірмесі деп айыпталды

Талқылау