Жерлеуге келе алмады: Жанар Хамитованың экс-күйеуі балаларын алып келуге уәде берді
Бүгін Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында жақындары мен достары Жанар Хамитованы ақтық сапарға шығарып салып жатыр. Туыстарының айтуынша, жерлеу рәсіміне әншінің экс-күйеуі мен балалары келмеген. Алайда ол міндетті түрде жерлеуден кейін балаларды әншінің туған жеріне алып келуге уәде еткен, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Жанар Хамитованы ақтық сапарға шығарып салуға экс-күйеуі мен балалары келмеді. Десе де, экс-күйеуі балаларды жерлеуден кейін алып келуге уәде еткен. Дәл қазір олар Алматы қаласында.
Осы уақытқа дейін әнші «Время» басылымына берген сұхбатында екі баласын алып қалған жұбайының түрік емес, қазақ азаматы екенін айтқан болатын.
«Иә, менің күйеуім бақуатты отбасынан шыққан. Бірақ түрік емес, қазақ. Оның ата-анасы алматылық. Атасы Әбубәкір Қасымханов Қонаевтың кезінде еңбек министрі қызметінде болған. Дінмұхаммед Қонаевтың өзі менің күйеуімнің басынан сипап, тәтті сыйлаған. Оның үш жоғары білімі бар», - деді марқұм әнші ол туралы.
Тағы оқыңыз >>> "Қонаев басынан сипап өсірген": Жанар Хамитованың күйеуі кім
Сондай-ақ, әншіні ажырасқаннан кейін балаларының күйеуінің қолында қалғанын айтты. Тұңғышы биыл бірінші сыныпқа барғалы отыр.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 18 қыркүйек күні, Қарқаралы ауданында халықтың Жанар Хамитованы ақтық сапарға шығарып салып жатқаны туралы хабарлаған едік.