Жанар Дұғалова ұлттық нақыштағы киімімен Американы тамсандырды (фото)
Жанар Дұғалова Нью-Йорк төрінде жасаған кезекті фототүсірілімін көрсетті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Осыдан екі ай бұрын Жанар мұхиттың арғы жағына, яғни Америкаға сапар шеккен болатын. Онда Жанар танымал қазақ боксшысы Қанат Исламның жекпе-жегі кезінде рингте ән салды.
Одан кейін әнші біраз уақытын Америкада өткізіп келді.
Фототүсірілім де сол уақытта жасалған көрінеді.
Дұғалованың ұлттық нақыштағы дизайнерлік көйлегін желі оқырмандары жоғары бағалады. Көпшілік Жанарға “періште қыз” деп ат берді.
“Өте әдемісіз, сізді мақтан тұтамын”, “Бұл фотода күшті болып тұрсыз, ақ түс сізге өте жарасады”, “Неткен сұлулық”, “Нью-Йорк, Бруклин көпірі. Қандай әдемі”, “Өте әдемі. Қазақтың сұлу да жан-жақты талантты Жанар сияқты қыздары көбейе берсін”, – дейді тамсанған желі оқырмандары.
Жіберіп алмаңыз:
Димаштың “Power Rangers” cаундтрегіне түсірген бейнебаяны жарыққа шықты (видео)
Қазақстандық олигарх Димашқа қыруар қаржы табуға болатын ұсыныс жасады
Дінтанушы: Мешітте той жасаған Қарақатты аяймын
Ол Қазақстанда өсе алмайды: Алуа Қонарова Димашқа Қытайда қалуға кеңес берді