Жанар Айжанова күйеубаласының шашын өз қолымен алып тастады
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әнші Жанар Айжанова “Бұйрабас” атанған күйеу баласының шашын өз қолымен алып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сәкен Қағаровтың ұзын әрі бұйра шашы көпшілікке ұнамай, оны халық әбден сынаған еді. Айжұлдыз Адайбекова өзінің парақшасында видео жариялап, хейтерлеріне жазба арнады.
"Хейтерлер, сәлем! Армандар орындалады", – деді ол.
-
"Той көйлегімнің суретін ұлым салды": Айжұлдыз Адайбекова үйлену тойына не себепті ерекше образ жасағанын түсіндірді
-
Айжұлдыз Адайбекова күйеуінің берген сыйлығын көрсетті
Жанар Айжанова да күйеу баласының шашы үшін жиі сынға қалатынын жасырмаған еді.
“Сәкеннің шашын көріп, халық “Дударбас” деп мазақтайды. Әңгіме қылып, күледі. Маған соның шашының бұйралығы ұнайды. Айжұлдыз бейсаналы түрде осы жігітті өзінің жағына ұқсатып таңдаған. Менің енемнің шашы саусақ кірмейтін тасбұйра болды. Қайынсіңлілерімнің де шашы сондай. Назар аумаған – Айжұлдыздың әкесі. Назар жасқа толғанда 90 жастағы енем келіп, “Өлгенім тірілгендей күйде отырмын. Адайбектің көшірмесі екен” деді. Қан тартып, жібермейді екен”, – деді өнер иесі.