Жаңаөзенде орталық мешіттен өрт шығып, 12 жастағы бала зардап шекті
Жаңаөзенде орталық мешіттен өрт шығып, 12 жастағы бала зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скрин
Өрт кешкі алты шамасында мешіттің жаңадан салынып жатқан кіреберісінен шыққан.
Өрттен 12 жастағы бала зардап шекті. Жеткіншек дереу ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлердің мәліметінше, баланың денесінің 17%-ын күйік шалған. Беті, құлағы, жоғарғы тыныс алу жолдарынан бастап, беліне дейін от шарпыған. Қазір жағдайы тұрақты.
40 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толықтай сөндірілді.
Еске салсақ, бұған дейін Талдықорғандағы үйдегі газ жарылысында көз жұмғандардың туыстары оқиғаға Болат Назарбаев салдырған мешіт себеп болғанын айтқан еді.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті