Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңадан іске қосылатын үш кен орны Қазақстандағы мыс өндірісін екі есе ұлғайтпақ

Мыс балқыту процесіФото: kazminerals.com

Тау-кен өнеркәсібін дамыту мәселесіне арналған үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Қазақстанда мыс кені өндірісін екі есе ұлғайту жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Вице-министрдің айтуынша, тау-кен металлургия саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар орта мерзімді перспективада оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік бермек.

"Айдарлы, Көксай және Бенқала жаңа ірі кен орындарының іске қосу есебінен мыс кенін өндіру екі есе ұлғайтылады. Темір кенін өндіру ішкі сұраныстың өсуі және жаңа жобалардың қосылуы есебінен 40 пайызға дейін өседі. Бұл өз кезегінде катотты мыс өндіру көлемін 2030 жылға дейін екі есе арттыруға мүмкіндік береді", – деп атап өтті Олжас Сапарбеков.

Министрлік есебі бойынша, 2030 жылға қарай өндірілетін металдар көлемі ел ішінде өңдеу деңгейі жоғары өнімге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мыс өңдеу 90 мың тоннаға, алюминий 160 мың тоннаға, қорғасын 80 мың тоннаға жетеді.

Сондай-ақ вице-министр министрлік тау-кен металлургия кешенін дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

"Кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс істеп тұрған қуаттарды жаңғырту, озық технологияларды тарту, жаңа жобаларды іске қосу, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін цифрлық шешімдерді енгізу жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Олжас Сапарбеков үкімет отырысында.

Аида Тақабаева
Сейсенбі, 22 Шілде, 2025 11:11
Талқылау