Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа жыл түнінде танымал әншінің ұлы қайтыс болды

Тәжікістандық танымал әнші Дилноза КаримоваЖаңа жыл түнінде ұлынан айырылды. Бұл туралы Sputnik хабарлады.

Бірнеше ай бұрын 5 жасар Диёрбек Аминджоновқа 4-ші дәрежелі лимфомома диагнозы қойылды. Бұдан бұрын ол Қырғызстанның онкологиялық орталығында ем қабылдады. Кейін ота жасау үшін Үндістанға жіберілген еді.

5 жасар баланың жүрегі химиятерапияға шыдамаған.

Әнші ұлының қазасы туралы Facebook парақшасында хабарлады.

«Менің ұлым Диёрбек31 желтоқсанда сағат 20:15 Делидегі емханалардың бірінде қайтыс болды. Оның жүрегі химиятерапияға шыдамады. Өтінемін, дұғада болыңыздаршы», -деп жазды әнші.

Жерлеу рәсімі 3 қаңтарда Тәжікстанның Худжанд қаласында өтті.

Баланың еміне бүкіл Тәжікстан халқы жұмыла қаржы жинады. Тіпті, мәдени шаралар да көмектескен еді.

Тағы оқыңыз:

Астанадағы «Магнумда» шіріген мандаринге қатысты тексеру жүргізілетін болды

Дүкен сөресінде жүгіріп жүрген егеуқұйрық видеоға түсіп қалды (видео)

Ескерту: Астананың кейбір көшелері уақытша электр қуатынан ажыратылады

Депутат автокөлік нөміріне иесінің атын жазуға рұқсат беруді ұсынды

Талқылау