Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа жылдық кештерге баруға рұқсат па? Денсаулық сақтау министрлігі айтып берді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова жаңа жылдық ойын-сауық өткізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Эпиджағдайдың оң немесе теріс бағыт алуы әрқайсысымызға қатысты. Індеттен сақтану талаптарын орындамасақ жағдай қазір-ақ өзгереді. Бірінші кезекті коронавирусқа қарсы вакцина алуымыз керек, ал вакцина алған жағдайда карантин талаптарын сақтауымыз қажет. Маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау әлі өз күшінде. Оның үстіне алдымызда мереке және бірнеше күндік демалыс келе жатыр. Жаңа жылдық кешке барардың алдында ойланған жөн. Вирус әлі жойылған жоқ, керісінше оның жаңа түрлері пайда болып жатыр", - деді А. Есмағамбетова Үкімет үйінде тілшілердің сұрағына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта елде эпиджағдай тұрақталып, індет жұқтыру азайып келеді.

"Бүкіл әлем айтып жатқан омикрон туралы әлі күнге дейін нақты бір дерек жоқ. Біздің басты қару – сақтану, алдын алу. Сондықтан жаңа жылдық ойын-сауыққа барар алдында тағы бір ойланайық, барғанның өзінде вирустан сақтану шарасы туралы ұмытпағанымыз абзал. Бүгінгі таңда короновирус бойынша әлемдегі жағдай қиын, ал біздің елімізде жағдай реттеліп келеді", – дейді ол.

Талқылау