Жаңа жылда "Құпия Санта" ойнауға бола ма: Мұсылмандар діни басқармасы жауап берді

Фото: pixabay.com
Мұсылмандар діни басқармасы Жаңа жыл мерекелері қарсаңында жұртшылық жаппай ойнайтын "Құпия Санта" ойыны туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CMN.KZ порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Басқарма адамның жүрегін жылытатын ұлттық құндылықтарды дәріптеуді ұсынды.
"Біздің дінімізде де, дәстүрімізде де “Құпия Санта” ұғымы жоқ. Сондықтан бөгде мәдени түсініктерді қабылдап, оны насихаттағаннан гөрі, адамдардың жүрегін жақындататын ұлттық салт-дәстүрлерге және исламның асыл құндылықтарына негізделген ұстанымдарды дәріптеген әлдеқайда орынды", – деп жауап берді басқарма өкілдері.
Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жаңа жылдың діни мереке саналмайтынын еске салды. Алайда оны тек жылдың басталуы ретінде қабылдап, бұл уақытты игі істерге, өзара дұға-тілектерге және адамдарға ізгі ниет білдіруге арнаса, онда еш айып жоқ екені айтылды.
-
"Бауырсақ, шай мен палау": ҚМДБ жаназа мен құдайы астың мәзірін бекітті
-
ҚМДБ қыздар қолданатын кей коллагеннің харам екенін ескертті
"Ал егер мерекелеу алкоголь ішу, ерлер мен әйелдердің шектен тыс араласуы және шариғатта тыйым салынған өзге де әрекеттермен қатар жүрсе, мұндайға жол беруге болмайды", – деп ескертті ҚМДБ.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады