Жаңа жыл түнінде елімізде 180-нен аса сәби дүниеге келген
Денсаулық сақтау министрлігі жаңа жыл кешінде Қазақстан өңірлерінде қанша бала дүниеге келгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, жаңа жыл қарсаңында республиканың перзентханаларында 181 бала: оның ішінде 105 ұл мен 76 қыз дүниеге келген. Сонымен қатар Маңғыстау облысында егіз туды.
Мереке түнінде туған нәрестелердің көп саны Түркістан облысында тіркелді (34 сәби). Екінші орында – Алматы мен Алматы облысы тұр. Онда 17 нәресте дүниеге келген. Туу бойынша көшбасшылардың үштігінде Шымкент қаласы да бар. Мұнда 16 отбасы толықты.
Ал Астанада жаңа жыл қарсаңында 10 бала дүниеге келген. Қызық факт: өткен жылы бұл көрсеткіш бірдей болған.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін
Қазақстандықтар қытайлық сайттардан жануарларға тапсырыс беріп, өлтіріп алған
Тұрғын: "Сол кезде иіс қалай шығатынын айтып жеткізу қиын”