Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа туған нәресте дәрумен ішкен соң шетінеп кетті

Францияда құрамында D дәрумені бар Uvesterol D тағамдық қоспасының сатылымы тоқтатылды. Оған себеп 21 желтоқсанда 10 күндік нәресте дәрумен салдарынан шетінеп кеткен.

_93259330_037102078-1

Uvesterol D – D дәрумені жетіспейтін 5 жасар балаларға берілетін Францияда кең таралған дәрі.

Дәрілік құралдары мен медициналық сипаттағы табарлардың қауіпсіздігі бойынша француз ұлттық агенттігі нәрестенің өліміне тағамдық қосапынң қатысы бар болуы мүмкін деп хабарлайды.

Алайда, ресми тұлғалардың сөзінше, өлімнің себебі басқа да заттар не өнімдер болуы мүмкін.

Франция денсаулық сақтау министрі Марисоль Турен мәлімдегендей, жалпы алғанда D дәрумені – балалар үшін қауіпті емес. Оның сөзінше, өлімге алып келген – «қоспаны берудің ерекше тәсілі».

Ол шетінеген нәрестенің ата-анасына «нақты, сенімді, анық ақпаратты» ұсынуға уәде берді.

Дәрілік құралдары мен медициналық сипаттағы табарлардың қауіпсіздігі бойынша француз ұлттық агенттігінде мәселе тек тамызғышпен тамызылатын Uvesterol D дәрісіне ғана қатысты қозғалғанын атап өтті.

Нәресте желтоқсанның 21 жұлдызында Uvesterol D дәрісін пластмассадан жасалған тамызғышпен аузына тамызғаннан кейін көз жұмған. Ол бірден тұншыға бастап, екі сағаттан кейін жүрегі мен тынысы тоқтағандықтан шетінеп кетті.

Медициналық органдар нәресте өлімі жайы ақпаратты хабарламаған. Алайда дүйсенбі күні ақпарат француз БАҚ-да жарияланды.

Агенттік хабарлағандай, олар 2006 жылы Uvesterol D дәрісінің қаупін тежеу мақсатында шаралар қолданған. Оған себеп дәрінің кейбір жанама әсері белгілі болғандығы еді.

Дегенмен бұл қоспаның 1990 жылы сатылымға шыққаннан өткен жылдың желтоқсан айына дейін онымен байланысты өлім жағдайлары тіркелмеген.

Le Monde француз газеті Uvesterol D дәрісін қабылдау тәсілдері бойынша қауіптің болғанына бірнеше жыл өткен. Ол жайлы түрлі аурулардың құжатталған куәліктері де бар.

Газеттегі ақпарат бойынша, бұл дәруменнің дәл осы майлы негізі оны басқа да сұйық түрлерінен ерекшелейді.

Uvesterol D дәрісін өндіруші Crinex компаниясы 2006 жылы тамшылар аздаған мөлшерде шығуы үшін пипетка дизайнын өзгерткен.

2013 жылы жоғарыда аталған агенттік ата-аналарға дәруменді үзіліс жасай отырып бір тамшыдан және тамақтанар алдында тамызуға кеңес берген. Сонымен қатар баланы жартылай отырған күйде ұстау керек. Бұдан бөлек агенттік дәрінің ұсынылған дозасын азайтқан.

2014 жылы Prescire журналы Uvesterol дәрумендік қоспасын жаңа туылған сәбилерге беруді тоқтатуға үндеген. Олардың хабарлауынша, дәрілік құралдардың қауіпсіздігі бойынша агеттік және өндіруші компания тек толық емес шаралар ұсынып, уақыт созуда.

Талқылау