Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда "жеңілдетілген" салық режимі сақталады: Тыйым салынған тізімде 44 қызмет түрі ғана қалады

Видеодан скрин

Қаржы министрі Мәди Такиев жаңа Салық кодексі кезең-кезеңімен енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаржы министрі президенттің тапсырмасы бойынша салықтық әкімшілендіру бойынша оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдау үшін тек 44 қызмет түрін ғана тыйым салынған тізімде қалдырылды.

“2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық әкімшілендіру "таза парақтан" жүргізіледі. Бұл микро және шағын бизнеске қатысты келесі жайттарды көздейді: камералдық бақылау алынып тасталады, салықтық тексерулер жүргізілмейді, сот органдарына тіркеуді, қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы талап-арыз беру тоқтатылады. Салықтар мен төлемдер бойынша салынған өсімпұлдар мен айыппұлдар 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін негізгі қарыз өтелген жағдайда жойылады. ҚҚС бойынша есепке қою шегінен асып кеткен салық төлеушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды”, – деді қаржы министрі. 

Сондай-ақ Такиев салық төлеушілер үшін салық және әділет органдарында камералдық және салықтық тексерулер жүргізбей-ақ, оңайлатылған тәртіппен есептен шығару науқаны өткізілетінін атап өтті. Бұл жаңа Салық кодексін кезең-кезеңімен енгізуге және салық төлеушілер үшін салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге мүмкіндік бермек. 


Қазақстанда қай коммуналдық қызметтер бойынша баға көтеруге мораторий енгізіледі


Ал сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанда отандық тауар өндірушілерден (ОТӨ) өнім сатып алу екі есе артатынын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бұл шара әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) арзандауына әкеледі.

“Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін берілетін қаржыны екі есе ұлғайтып, тұрақтандыру қорларының жұмысын күшейту жоспары бар. Аймақтағы комиссиялар негізсіз делдалдарды анықтап, бағаны көтеріп жіберетіндерді алып тастауға ерекше назар аударады. Ауылшаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ай сайын өңірлерге тікелей сиыр етін жеткізу ұйымдастырылуда. Сонымен қатар отандық өндірушілер және сауда желілерімен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша бөлшек сауда бағасын бекіту жөнінде өндірушімен меморандум жасалады", – деді Арман Шаққалиев.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан үкіметі дағдарысқа қарсы шаралар қабылдағаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 16 Қазан, 2025 20:36
Талқылау