Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа Салық кодексі бойынша "жеңілдетілген" салық режимінде қалатындардың тізімі жарияланды

Фото: freepik.com

Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексі шеңберінде арнайы салық режиміне енетіндердің тізімін талқылауға шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Талқылауға шығарылған тізімдер: 

- жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимін (АСР) қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі;

- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі.

Жеңілдетілген декларация негізінде АСР қолданыстағы екі режимнің, жеңілдетілген декларация мен бөлшек салықтың элементтерін біріктіреді.

Жеңілдетілген салық режимін қолдана алмайтын қызмет түрлері: 

- табысы жылына 600 мың АЕК-тен (2, 359 миллиард теңге) асатын бизнес субъектілері;

- басқа компаниялардың үлесі 25%-дан асатын заңды тұлғалар;

- құрылтайшылары немесе қатысушылары бір уақытта басқа АСР қолданатын заңды тұлғалардың құрылтайшылары немесе қатысушылары болып табылатын ұйымдар;

- коммерциялық емес ұйымдар;

- арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын салық төлеушілер (жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер);

- АЭА, "Астана Хаб" қатысушылары;

- бірлескен қызмет шарты бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілер.

Тыйым салынғандар тізіміне ірі бизнеске қатысты салалар: өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, жер қойнауын пайдалану, табиғи монополия субъектілерінің қызметі, көтерме сауда, 2000 шаршы метрден астам алаңдағы бөлшек сауда, телекоммуникация, интернет пен IT, қаржылық және сақтандыру қызметі, кәсіби агенттік және консалтингтік қызмет, ҒЗТКЖ және т. б. кіреді.


Енді әр өңір жеке кәсіпкерлер қандай салық төлейтінін өзі шешеді – Қаржы министрлігі

"Еден жуушы болғым келмейді, салық төлеуге дайынмын": Қазақстандық әйел секс-қызметті заңдастыруды талап етті


Жеңілдетілген салық режимін 300-ге жуық қызмет түріне қалдыру ұсынылған. Олардың қатарында:

- 2000 шаршы метрге дейінгі алаңдағы бөлшек сауда (дәріханалар да кіреді);

- тауарларға пошта немесе интернет арқылы тапсырыс беру жолымен жасалатын бөлшек сауда, желілік маркетинг, сондай-ақ дүкеннен тыс басқа да бөлшек сауда;

- тұру, тамақтану, тұрғын үйді жалға алу мен көлік қызметі;

- жеңіл және тамақ өнеркәсібі;

- жолаушы тасымалы;

- мектепке дейінгі және қосымша білім беру саласындағы қызмет, медициналық және әлеуметтік қызмет;

- тұрғындарға арналған тұрмыстық және құрылыс жұмысы;

- шығармашылық индустрия, спорт, мәдениет;

- ауыл шаруашылығы.

Осылайша жеңілдетілген салық режим барлық салық төлеушілердің шамамен 70%-ына берілмек. B2C-ге бағытталған шағын бизнес АСР бойынша жұмысын жалғастырып, ал ірі кәсіпкерлік түрлері жалпыға бірдей белгіленген режимге көшеді.

Сонымен қатар, жалпы белгіленген режимге көшкен кезде айналымы жылына 40 миллион теңгеге дейінгі салық төлеушілер ҚҚС төлемейді.

Үкіметтік жеке қаулысымен жеке кәсіпкерлік (ЖК) тіркемеген, қызметкері жоқ және айына 300 АЕК-ке дейінгі кірісі бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қолжетімді қызмет түрлерінің тізбесін бекіту ұсынылды. 

АСР қолдану құқығы аяқ киім жөндеу, спорт пен демалыс саласындағы білім беру, мәдениет саласындағы білім беру, білім беру саласындағы басқа да көмекші қызмет, тұрғын үйді жинау, фотосурет қызметі, сұлулық салоны қызметі, мамандандырылған құрылыс жұмысы, такси қызметі, жалдау және жалға беру, компьютерлерді, жеке тұтыну затын, тұрмыстық тауар жөндеу, сондай-ақ өзге де жеке қызметтерде сақталады.

Еске салсақ, бұған дейін депутаттар шағын және орта бизнес үшін "жеңілдетілген салық режимін" сақтап қалуды ұсынған еді.

Дана Русланқызы
Жұма, 26 Қыркүйек, 2025 20:15
Талқылау