Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқулықтағы «зың-зың-зың», «дың-дың-дың» сөзі бар ән мәтіні жұртты күлдіртті

Жаңа оқулықтағы ән мәтіні тағы да елдің талқысына түсті. Жұрт «Зың-зың-зың», «дың-дың-дың» сөзімен жазылған ән мәтініне таңғалысты.

Соңғы кездері желіде «Шымкенттің қыздары зың-зың-зың» атауымен әзіл ән тарап кеткені белгілі.

Шымкент әкімі Ғабиолла Әбдірахмановтың Шымкент қаласына «зың» деп баға берген сәті де желіде жарияланып кеткен еді.

#Shymkent

Публикация от Город Шымкент (@news.uko)

Еліміздің оңтүстік өңірінде жиі қолданылатын осы диалект сөзінің оқулықта кездескеніне жұрт таңдай қағысты. Желі қолданушылары арасында бұған күле қарағандар да, қарсылық танытқандар да бар.

Бір тарап ән мәтінінің мағынасы басқа екенін айтса, екінші тарап мәтіннің мағынасыздығын алға тартты.

«Зың зың деп дыбыс шығады музыкадан,ал казір желіде айтып жүрген «зың-зыңның» мағынасы зор, күшті дегенді білдіреді. Екеуі екі мағыналы ғой». «Бұл өлеңді несіне шығарған, еріккеннің ермегіне айналды ғой мектеп оқулықтары» деп жазады пікір білдірушілер.

«Көңілді музыкант» деп аталатын әннің музыкасын жазған А. Филиппенко, сөзін жазған С.Омарова деп көрсетілген.

Тағы да оқыңыз:

Ажалдан аман қалған имам өзін пышақтаған қылмыскерге кешірім берді

Қазақ тілін жетік меңгерген жапон қызы Қазақстанға келіп қазақтың қолөнерін үйеніп жүр

Туа сала анасын құшақтаған сәби көпшілікті сүйсінтті (видео)

Қазақстанның үш облысында ауа-райына қатысты ескерту жарияланды

Талқылау