Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа дизайндағы купюралар 28 наурыздан бастап айналымға шығады

Ұлттық банк 2025 жылдың 28 наурызынан бастап жаңа үлгідегі 1000 теңгелік банкноттарды айналымға шығарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: nationalbank.kz

Бұл – "Сақ стилі" сериясымен шыққан төртінші жаңа банкнота. Ол қазақы ою-өрнектің түп негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін "Сақ стилі" элементтеріне негізделген.

Жаңа банкнотаның дизайны қандай?

Банкнотаның түсі – қоңыр және ашық қоңыр.

Банкнотаның бет жағында:

  • Көкте қалықтап ұшқан құспен "Өмір ағашының" бұтағы (Есік қорғаны, біздің заманымызға дейінгі 5-4 ғасыр, Алтын адам бас киімінің бір бөлігі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);
  • ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы;
  • Артефакт – төс айыл (тартпа) элементі бұралған жыртқыш формасымен беріктік пен төзімділіктің символы ретінде (Бесоба қорғаны, біздің заманымызға дейінгі 6-4 ғасыр, Орал өңірі, Батыс Қазақстан).

Банкнотаның артқы жағында:

  • Ою-өрнекпен стильденген қалқан фонында төбет пен тазы тұқымдас иттер;
  • Дөңгелек қазақ халқының ою-өрнегі, "қалқан" бейнесі – құндылықтарды қорғау нышаны, ежелгі символ – төрт тарап, ортасындағы күн белгісі – жасампаздық энергиясы мен өмір нышаны.


Сондай-ақ банкнотаның сырт жағында артефакт, төс айыл (тартпа) элементі бұралған жыртқыш формасымен беріктік пен төзімділіктің символын (Қырық-Оба қорғаны, біздің заманымызға дейінгі 7-6 ғасыр, Батыс Қазақстан) көрсетеді. Банкнотаның ортасында фон ретінде ою-өрнек стилінде бейнеленген шексіздік символына тән Қазақстанның дала жоталары берілген.

Бұған дейін 28 наурыздан бастап 2024 жылғы үлгідегі өзгертілген дизайны бар 1 000 теңгелік банкнотаны айналымға шығатыны туралы жазған едік.

Талқылау