Жаңа босанған келіншек күн көрсетпеген енесі туралы айтып жылады
Бірнеше ай бұрын босанған келіншек енесіне ренжіп жүр. Айтуынша, күн көрсетпей, көп жұмыс істетеді екен. Тіпті, баламен жүріп демалуға мүмкіндік бермейді. Осы орайда, ол жұрттан ақыл-кеңес сұрап, татуласудың жолын іздеп отыр.
Сурет: Comode.kz
Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.
“Менің тұрмыс құрғаныма бір жыл болды. Жақында қыз бала босандым. Күйеуім де жақсы, адал кісі. Өзім Батыстың тумасымын. Астанаға келін болып түскенмін. Хатта жазған себебім әр жаңа түскен келін барған жеріне сіңемін, осы адамдармен бір боламын деп барады. Мен де сондай ниетпен келдім. Бірақ, енеммен арамыз жақсы емес. “Сен қатын түк істемейсің, сиыр саумайсың, таңертең тұрмайсың, тек ұйықтай бересің” деп ұрысады. Әрбір күнім осылай өтеді. Үш айлық қызым да түнімен ұйықтамай, жылап шығады.
Осыны білген күйеуім таңертең сиырды өзі сауып келеді. Ал енем болса, “Сен менің баламды қатын қылып қойдың” деп сөйлеп жүреді. Қатты шаршап кеттім. Артық сөз болмасыншы деп сиырды өзім тұрып сауамын. Күннен-күнге енеммен қарым-қатынасым суып келеді. Мен ол кісіні қатты жек көріп кеттім. Анама сөз тигізіп, “Сен менен көрмегенді көресің” деп қорқытады. Олай істеудің не қажеті бар екен? Соңғы кезде, тіпті, жиіркенетін болдым. Өмірімде ондай адамды көрмеген екенмін. Мені түсінесіздер деген ойдамын”, – дейді жас келіншек.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Астаналық қария қартайғанда өзіне қамқорлық көрсетпеген ұлы туралы айтып ашынды
Жас келіншек бұрынғы әйелімен төсектес болған күйеуін қызғанып жүр
Тұрмыста таршылық көрген шымкенттік ару бүйрегін сатпақ
Қазақстан мектептеріндегі сабақтар 40 минуттан оқытылатын болды