Жаңа Алатау қаласын "қазақстандық Дубайға" айналдырып, шетелдіктерге ерекше құқықтар берілмек
Фото: AIF
Шетелдіктерге жаңа Алатау қаласынан уақытша тұруға ықтиярхатсыз-ақ жылжымайтын мүлік сатып алуға рұқсат беріліуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Алатау қаласында 36 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл жобалар 20 мың жұмыс орнын құрып, олардың жалпы құны 2 миллиард доллардан асады.
Қалаға ерекше мәртебе беріледі деп жоспарланған. Барлық шетелдікке (уақытша тұруға ықтиярхаты жоқтарға да) қалада жылжымайтын мүлік сатып алуға рұқсат етіледі, сондай-ақ шетелдіктер үшін визасыз режимдер де енгізіледі.
Бозымбаев Алатау қаласының қазірдің өзінде инвесторлардың қызығушылығын тудырып отырғанын атап өтті.
Цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев Astana International Forum (AIF) пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде, бұл қаланың Қазақстан үшін үлкен маңызға ие болатынын айтты.
Министр қаланы дамыту үшін криптовалюталарды ілгерілету қажет екенін және оларды толыққанды төлем құралы ретінде, тіпті тендерлерде де қолдануға мүмкіндік беру керек екенін атап өтті. Сонымен қатар шетелдіктерге қалада жылжымайтын мүлік сатып алуға рұқсат беру қажет.
Мадиевтің сөзінше, билік Алатауды туризм мен білім беру орталығы ретінде дамытуға, сондай-ақ қала арқылы көптеген сауда маршруттарын жүргізуге ниетті.
"Біз жастардың Дубай немесе Түркияда өмір сүруді армандамай, Алатауды таңдағанын қалаймыз. Мұнда жұмыс істеп, реттеуші өзгерістер енгізіп, Алатауды тартымды етуге болады", – деді Мәдиев.

"Есік-терезе жақтаулары бүлінген, едені тесік": Алматылық RAMS Qazaqstan-нан 85 миллион теңгеге алған пәтеріне шағымданды
